Бақытжан Сағынтаев Никол Пашинянды туған күнімен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Армения Республикасының Премьер-министрі, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшесі Никол Пашинянды туған күнімен құттықтады.

Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия атынан және жеке өз атынан Никол Пашинянға зор денсаулық, жауапты қызметінде табысқа жете беруді, ал Армения мен оның азаматтарына — өркендеу мен игі жақсылық тіледі.