Бақытжан Сағынтаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Армения Республикасының Премьер-министрі, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшесі Никол Пашинянды Конституция күнімен құттықтады.

Бақытжан Сағынтаев Негізгі заң Армения мемлекеттілігінің және оның Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестерге қатысуының берік тірегі болып табылатынын атап өтті.

 

Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия атынан және жеке өз атынан Армения мен оның халқына құт-береке және жақсылық тіледі.