Бақытжан Сағынтаев Никол Пашинянды парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Армения Республикасының Премьер-министрі, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшесі Никол Пашинянға парламенттік сайлауда "Азаматтық келісім" партиясының жеңіске жетуіне орай құттықтау жолдады.

Бакытжан Сағынтаев Никол Пашинянға экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, азаматтардың әл-ауқатын нығайтуға және маңызды мемлекеттік міндеттерді іске асыруға бағытталған алдағы қызметіне табыс тіледі.

Армения Республикасы Ұлттық Жиналысына сайлау 7 маусымда өтті.