Бақытжан Сағынтаев Олжас Бектеновті қайта тағайындалуымен құттықтады
01.09.2026
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Олжас Бектеновті Қазақстан Республикасының Премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалуымен құттықтады. Ол сондай-ақ Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшесі болып қала береді.
"Сіздің Үкімет басындағы қызметіңіз Қазақстан экономикасының одан әрі дамуына және ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық процестердің дәйекті нығаюына ықпал ететініне сенімдімін", – делінген құттықтау хатта.
Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия атынан және жеке өз атынан Олжас Бектеновке Қазақстан Республикасы мен оның азаматтарының игілігі үшін көзделген барлық жоспарының іске асырыла беруін тіледі.