Бақытжан Сағынтаев Жеңіс күнімен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен құттықтады.

"ЕАЭО елдерінің халқы үшін 9 мамыр – айрықша, қасиетті мереке, қаһармандық пен ерліктің символы. Біздің әкелеріміздің, аталарымыздың және арғы аталарымыздың қатал сынақ жылдарындағы табандылығы, олардың туған жерге деген адалдығы біз үшін әрқашан адамгершіліктің бағдары болады", – деп атап көрсетті Бақытжан Сағынтаев. 

Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия атынан және жеке өз атынан барша жұртқа сау-саламаттық, бейбітшілік пен жақсылық тіледі.