Басты бет
/
Жаңалықтар
/
Бақытжан Сағынтаев Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасының Конституция күнімен құттықтады
Бақытжан Сағынтаев Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасының Конституция күнімен құттықтады
05.05.2026
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы
Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасының Президенті, Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңес мүшесі Садыр Жапаровты және бүкіл қырғыз халқын Конституция
күнімен құттықтады.
Құттықтау хатта ЕЭК Алқасының басшысы: "Қырғызстан Конституциясы елдің экономикалық дамуы мен оның Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестерге белсенді қатысуы үшін құқықтық іргетас болып табылады", – деп атап көрсетті.
Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия атынан және жеке өз атынан Қырғыз Республикасы мен оның азаматтарына құт-береке және өркендеу тіледі.