Бақытжан Сағынтаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтады
06.12.2025
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшесі Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтады.
"Сіздің басшылығыңызбен Қырғызстанда елдің орнықты дамуына және оның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған экономикада маңызды өзгерістер жүргізілуде. Республика ЕАЭО-дағы әріптес мемлекеттермен экономикалық өзара іс-қимылды тереңдетіп келеді", – делінген құттықтау хатта.
Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия атынан және жеке өз атынан Садыр Жапаровқа мықты денсаулық, құт-береке және Қырғыз Республикасы халқының игілігіне арналған мемлекеттік қызметінде алда да табысқа жете беруді тіледі.