Бақытжан Сағынтаев Шавкат Мирзиеёвті туған күнімен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Өзбекстан Республикасының Президенті, Еуразиялық экономикалық Одақ жанындағы бақылаушы мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеёвті туған күнімен құттықтады.

«Өзбекстан экономикасы сенімді технологиялық трансформация кезеңінде тұр, оның басты бағдары – әрбір азаматтың әл-ауқатын арттыру. Өзбекстан әлемдік және еуразиялық бизнес-үдерістерде өзінің ықпалын дәйекті түрде кеңейте отырып, халықаралық аренада өзін белсенді түрде танытып келеді», – деп атап өтілген құттықтау хатта.

Комиссия атынан және жеке өз атынан Бақытжан Сағынтаев Шавкат Мирзиёевке зор денсаулық, амандық және Өзбекстан Республикасының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.