Бақытжан Сағынтаев Шавкат Мирзиеёвті туған күнімен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Өзбекстан Республикасының Президенті, Еуразиялық экономикалық Одақ жанындағы бақылаушы мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеёвті туған күнімен құттықтады.

«Сіздің басшылығыңызбен Өзбекстан экономикалық әлеуетті арттыру, азаматтардың әл- ауқатын жақсарту бағытындағы саясатты дәйекті түрде жүзеге асырып, еуразиялық интеграциялық процестерге белсенді қатысып келеді», – делінген құттықтау хатта.

Бақытжан Сағынтаев ЕЭК атынан және өз атынан Шавкат Мирзиёевке зор денсаулық, амандық және Өзбекстан Республикасының игілігі жолындағы жауапты қызметінде табыс тіледі.