Бақытжан Сағынтаев Astana International Forum жұмысына қатысты

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 29 мамырда Астанада Astana International Forum – әлемдік көшбасшыларды, халықаралық ұйымдардың басшыларын, инвесторлар мен бизнес өкілдерін біріктіретін жыл сайынғы ірі іскерлік іс-шараға қатысты.

AIF-2025 негізгі тақырыбы «Connecting Minds, Shaping the Future» (Ақыл-ойды біріктіру, болашақты жасау) болды.

Мемлекеттердің, үкіметтердің және халықаралық ұйымдардың басшылары жаһандық күн тәртібінің үш негізгі бағыты: сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік; экономика және қаржы; энергетика және климаттың өзгеруі бойынша кең ауқымды мәселелерді қарастырды.

ЕЭК Алқасының Төрағасы пленарлық отырысқа қатысты, онда жаһандық экономикалық дамуға бағытталған бастамалар талқыланды.

AIF-2025 алаңында Бақытжан Сағынтаев жоғары деңгейдегі Форум қатысушыларымен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.

AIF-2025-ке әлемнің түкпір-түкпірінен 5 мыңнан астам адам қатысты. 25 пікірталас алаңы ұйымдастырылып, 600-ге жуық шетелдік қонақ оған спикер болды.