Бақытжан Сағынтаев ЕҮАК отырысының делегациялары басшыларының Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесуіне қатысты

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 2 қазанда Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының делегациялары басшыларының Беларусь Республикасының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшесі Александр Лукашенкомен кездесуіне қатысты.


Тараптар Еуразиялық экономикалық күн тәртібінің өзекті тақырыптары бойынша пікір алмасты. Беларусь басшысы ЕҮАК мүшелері Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өзара іс-қимылды тереңдетуге қатысты мәселелердің кең тізбесін қарастырып жатқанын атап өтті.

Атап айтқанда, отырыста сауданы, өнеркәсіпті және АӨК-ті, көлік инфрақұрылымын, электр энергетикасы нарығын, кедендік ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланатын болады.

Кездесуге Еуразиялық үкіметаралық кеңестің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов қатысты.


Скачать исходники фотографий