Бақытжан Сағынтаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (D-8) бас хатшысы Сохаил Махмудпен келіссөздер жүргізді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (D-8) бас хатшысы Сохаил Махмудпен келіссөздер жүргізді.


Тараптар еуразиялық кеңістіктегі сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«Экономикалық ынтымақтастық ұйымына ұсынылған бірқатар мемлекеттермен Еуразиялық экономикалық одақта тұрақты әріптестік байланыстар қалыптасты. Бұл ЕЭК пен D-8 Хатшылығы арасындағы диалог үшін жақсы негіз жасайды», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Комиссия Алқасының басшысы өңірлік интеграциялық және мемлекетаралық бірлестіктермен байланыстарды кеңейту Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің стратегиялық басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар ағымдағы диалогты екі бірлестікке мүше мемлекеттердің экономикалық өсуіне ықпал ететін жүйелі өзара іс – қимылға айналдыруға өзара ұмтылысын білдірді.

Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (D-8) Әзірбайжан, Бангладеш, Египет, Индонезия, Иран, Малайзия, Нигерия, Пәкістан және Түркия кіреді. 



Скачать исходники фотографий