Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 19 тамызда ЕЭК-тің штаб-пәтерінде Кения Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Питер Мутуку Матукимен жұмыс кездесуін өткізді.
Еуразиялық экономикалық одақ пен Кения мемлекеттері ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективалары талқыланды.
"ЕАЭО елдері мен Кения арасындағы сыртқы тауар саудасының көлемі соңғы бес жылда 8,8%-ға өсіп, 2025 жылы 460,2 млн долларды құрады. 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында тауар айналымы 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі еседен астам өсті", – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
ЕЭК-тің Африка одағымен және континенттің өңірлік интеграциялық бірлестіктерімен диалогына ерекше назар аударылды. Бұған, атап айтқанда, Одақ елдерінің вице-премьерлері қабылдаған 2027 жылға дейінгі кезеңге Африканың жекелеген мемлекеттерімен, интеграциялық бірлестіктерімен және даму институттарымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға кешенді жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралар жоспары бағытталған.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға өзара мүдделі екендерін растады.