Бақытжан Сағынтаев Қытайдың Ресейдегі Елшісі Чжан Ханьхуэймен келіссөздер жүргізді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 5 маусымда ЕЭК штаб-пәтерінде Қытай Халық Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Ханьхуэймен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен ҚХР-дың Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім шеңберіндегі өзара іс-қимылының перспективалары талқыланды.

"Қытай Халық Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің қарымды сыртқы экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Біздің қарым-қатынасымыз өзара құрмет, ашықтық және стратегиялық өзара іс-қимыл қағидаттарына негізделген", — деп атап көрсетті ЕЭК Алқасының басшысы.

2019 жылы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім күшіне енген сәттен бастап ЕАЭО мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2024 жылға қарай екі еседен астам ұлғайып, 280 млрд долларға жетті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экономиканың бірқатар басым саласы бойынша алда да өзара іс-қимылды тереңдетуге бейілділігін растады.

ЕЭК Алқасының Төрағасы ҚХР-дың мемлекеттік билік органдары мен бизнес өкілдерін 2025 жылғы 26-27 маусымда Минскіде өтетін Еуразиялық экономикалық форумның жұмысына қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Чжан Ханьхуэй Бақытжан Сағынтаевты Бейжіңге Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс парадына шақырды.

Бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші жағынан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге Астанада 2018 жылы қол қойылды.