Бақытжан Сағынтаев Перудің Ресейдегі Елшісі Мануэль Аугусто де Коссио Клювермен келіссөздер жүргізді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 6 шілдеде ЕЭК штаб-пәтерінде Перу Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мануэль Аугусто де Коссио Клювермен жұмыс кездесуін өткізді.

Тараптар 2015 жылы қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері мен Перудің өзара іс-қимылының нәтижелері мен перспективаларын талқылады. 

"Меморандумды іске асыра отырып, біз практикалық ынтымақтастықта айтарлықтай тәжірибе жинақтадық. 2016 жылы Лимада және 2019 жылы Мәскеуде біздің елдеріміздің мемлекеттік органдары мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен бірлескен жұмыс тобының отырыстары болып өтті", — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. 


Бұл іс-шаралар салалық ынтымақтастық перспективаларын талқылау және өзара сауданы кеңейту үшін тиімді алаңға айналды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО елдерінің Перумен сыртқы сауда айналымы 679,2 млн долларға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 13,7% ұлғайды.

ЕЭК Алқасының басшысы атап көрсеткендей, жолға қойылған өзара іс-қимыл көпжақты өлшеммен органикалық түрде толықтырылады. Осыған байланысты ол Перу тарапына ЕЭК пен Анд қоғамдастығы арасындағы диалогты дамытуға жәрдемдескені үшін ризашылығын білдірді. 

"Мұндай көпжақты форматтар ЕАЭО мен Латын Америкасы өңірі арасындағы саудадағы экономикалық байланыстарды кеңейтудің катализаторы болып табылады. Перу бұдан былай да Комиссия мен Анд қоғамдастығы арасында байланыстырушы буын ретінде белсенді рөл атқара береді деп сенеміз", — деп түйіндеді Бақытжан Сағынтаев. 

Кездесу қорытындысы бойынша белгіленген экономикалық бастамаларды іске асыруға деген өзара мүдделілік расталды.


Скачать исходники фотографий