Жаңалықтар

16.11.2022 (Обновлено: 24.11.2022 13:12)

Бақытжан Сағынтаев: «Қазіргі заманғы қаржы нарығы экономиканың экологиялық трансформациясының локомотиві ретінде бой көрсетеді"

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақытжан Сағынтаев 16 қарашада Алматыда болып өткен "ESG – қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы" халықаралық конференциясында құттықтау сөз сөйледі.

2022 жылы байқалып отырған жаһандық дағдарысты құбылыстар жағдайының өзінде неғұрлым сұранысты болып табылатын орнықты даму мен жасыл экономиканы қалыптастырудың мәселелері бүгінде айрықша өзекті.

ЕЭК министрі турбуленттікке қарамастан, ESG-күн тәртібі артқы шепке кетіп қалмайтынын, оның жағдайлары ғана өзгеретінін атап өтті. Жаһандық жылыну, азық-түлік дағдарысы, әлеуметтік теңсіздік сияқты проблемалар ешқайда жоғалып кеткен жоқ, керісінше шиеленісе түсуде. Бұл мемлекет, бизнес пен қоғам тап болып отырған сын-қатерлер.

"Қазіргі заманғы қаржы нарығы экономиканың экологиялық трансформациялаудың белгілі бір локомотиві ретінде бой көрсетеді, өз қатысушыларын қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға және экожүйені сақтауға ынталандырады және бағдарлайды", — деп атап көрсетті Бақытжан Сағынтаев.

Кешенді алғанда, жасыл факторлар өсу қарқынын, бәсекеге қабілеттілікті және ЕАЭО елдерінің инвестициялық тартымдылығын арттырудың драйвері ретінде бой көрсетеді.

"Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық кеңістік аумағында ESG-күн тәртібін іске асыруға мүдделі барлық тараппен ынтымақтасуға дайын және осы өзекті мәселелерді талқылау әрі ілгерілету үшін өз алаңын ұсынуға дайын", — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.