Жаңалықтар

30.08.2022 (Обновлено: 07.09.2022 13:57)

ЕЭК-тің подшипниктер бойынша шешімінің арқасында Қазақстанның вагон паркі іркілісіз жұмыс істейтін болады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Қазақстан Республикасының ұсынысы бойынша жылжымалы құрамның құрамдас бөліктерінің сәйкестігін бағалау туралы құжаттарсыз айналысқа шығаруға жол берілетін теміржол локомотивтері мен вагондары моделінің тізбесін толықтырды. Сөз 2014 жылғы 2 тамызға дейін пайдалануға енгізілген теміржол көлігін қамту мен жөндеуге арналған босалқы бөлшектер туралы болып отыр.

Еуразиялық экономикалық одақта теміржол көлігіне бәрінен бұрын одақтық елдер азаматтарының қауіпсіздігі мақсатында көтеріңкі талап қойылатынын атап өтеміз. Мұндай тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін тексеру ең қатаң тексерудің бірі болып табылады, ал өнімнің белгіленген стандарттарға сәйкестігінің дәлелдемесі сәйкестік сертификаты болып табылады. Бұл құжат өндірушілер, импорттаушылар мен сатушылар үшін міндетті.

Сәйкестікті бағалау Одақ елдері қабылдаған қолданыстағы: теміржол жылжымалы құрамының, жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің және теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы үш техникалық регламент негізінде жүргізіледі.

Алайда ЕАЭО-ның сол немесе өзге мемлекетіндегі, мысалы, айқындалған экономикалық ерекшеліктерге байланысты қабылданатын қағидадан тыс жәйіттер бар. Комиссияның тиісті шешімімен жоғарыда аталған тізбе Қазақстанда шығарылған 12-9920 және 12-9941 ашық вагондардың модельдерімен толықтырылды. Оларды жөндеу және қамту кезінде конус буксаларға арналған аунақшалы тербелу подшипниктерін сәйкестікті бағалау туралы құжаттарсыз пайдалануға болады. Алайда мұндай ашық вагондарды ұлттық уәкілетті органдардың қатаң бақылауы орнатылған Қазақстанда ғана пайдалануға жол беріледі.

ЕЭК-тің бұл шешімі аталған ашық вагондарды жөндеу үшін қажетті подшипниктердің тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді және босалқы бөлшектер жеткізілімінің тұрақсыздығы жағдайында елдің вагон паркінің іркіліссіз жұмысын қамтамасыз етеді.