Жаңалықтар

27.04.2023 (Обновлено: 28.04.2023 15:29)

Кеден органдары шекара қызметінің жекелеген функцияларын атқаратын ЕАЭО кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінің саны биылғы жылдың соңына қарай 20-ға жетеді

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылаушы органдардың өзара іс-қимыл жасау мәселелері, 26 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры Данияр Иманалиев төрағалық еткен профильдік Консультациялық комитеттің отырысында қаралды.


Отырысқа қатысушылар Беларусь Республикасында жеке тұлғалардың шектеулі шеңберіне – жүк көлік құралдарының жүргізушілеріне, пойыз бригадалары мен әуе кемелері экипаждары мүшелеріне қатысты шекара қызметі органдарының жекелеген функцияларын өткізу пункттерінде кеден органдары тарапынан жүзеге асыру жобасын іске асыру мәселесін талқылады.

2023 жылы шекара қызмет органдарының жекелеген функциялары төрт өткізу пунктіндегі («Брузги» АӨП, «Урбаны» АӨП, «Брест» ТЖӨП, «Привалка» АӨП) кеден органдарына берілгені, ал жылдың соңына дейін бұл жұмыс тағы төрт өткізу пунктінде («Каменный Лог» АӨП, «Берестовица» АӨП, «Брузги» ТЖӨП) аяқталатыны атап өтілді. Осылайша, жылдың соңына қарай кеден органдары шекара қызметінің функцияларын атқаратын Одақтың кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінің жалпы саны 20-ға жететін болады.

ЕЭК Кеңесінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 6 шешімін іске асыру барысы туралы мәселе шеңберінде, Консультативтік комитет мүшелері тауарларды Одақ елдерінің кедендік шекарасы арқылы тасымалдау орындарындағы кедендік инфрақұрылымның күйі, даму қарқыны мен үрдістері туралы хабардар етудің маңыздылығын атап өтті.

Шолулар (2014 жылдан осы уақытқа дейін) https://eec.eaeunion.org/comission/department/dep_tamoj_infr/0I191/1Activity_2CID_3RLC_4CID.php ресурсында бар, сондай-ақ ЕАЭО ресми сайтында (http://www.eaeunion.org/) келесі бағдарлар бойынша қолжетімді:

«Сервистер → Кедендік ынтымақтастық → Кедендік инфрақұрылымның күйі, даму қарқыны мен үрдістері туралы ақпарат»;

«Ресурстар → Еуразиялық экономикалық комиссия сайты → ЕЭК Алқасы → ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (министрі) → Кедендік инфрақұрылым департаменті → Қызмет → Кедендік инфрақұрылымды дамыту → Ақпараттық материалдар → Кедендік инфрақұрылымның күйі, даму қарқыны мен үрдістері туралы ақпарат».