Жаңалықтар

24.05.2023 (Обновлено: 31.05.2023 11:31)

Қайсысы жақсы: ЕХ-ante немесе ех-post – бәсекелестікті реттеу туралы II Еуразиялық экономикалық форумның қатысушылары талқылады

Бүгін Мәскеуде басталған II Еуразиялық экономикалық форум аясында«Ex-ante vs Ex-post – бәсекелестікті реттеу, мемлекеттік сатып алулардағы сөз байласу және цифрлық трансформация» сессиясы барысында цифрлық нарықтардағы бәсекелестікті реттеу мәселелері, оның ішінде қатысушылардың мүдделері мен осы нарықтарды дамыту үшін ынталандырулар арасында тепе-теңдік орнату мүмкіндігі талқыланды.

Сессияға Еуразиялық экономикалық комиссияның монополияға қарсы блогының, Еуразиялық экономикалық одақ Сотының, ЕАЭО және Өзбекстан елдерінің бәсекелестік және мемлекеттік сатып алу саласындағы реттеушілерінің, Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) бәсекелестік және тұтыну саясаты жөніндегі бөлімшесінің, Шығыс және Оңтүстік Африканың ортақ нарығының бәсекелестік жөніндегі комиссиясының (КОМЕСА), БРИКС елдерінің бәсекелестік құқығы және саясаты халықаралық орталығының өкілдері, сондай-ақ бизнес өкілдері қатысты.

Қатысушылар цифрлық экономика монополияға қарсы органдардың алдына ескертіп реттеу тәжірибесін ұстану немесе постфактуммен реттеуді таңдау сияқты күрделі таңдау қоя отырып, нарықтардың шекарасын тез жойып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар жиналған өкілдер тез дамып келе жатқан цифрлық нарықты реттеу кезінде тұтынушылардың мүдделері мен осы нарықтағы бәсекелестікті қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажет деген қорытындыға келді. 

«Тым қатаң реттеуді енгізу қызмет сапасы мен бәсекелестіктің төмендеуіне әкеліп соғатыны сөзсіз. Егер реттеушілер жағдайды шамадан тыс «босатса», бұл цифрлық нарықтың монополиялануына әкелуі мүмкін. Сондықтан ех-ante және ех-post реттеу модельдері барлық ойыншылардың мүдделерін ескере отырып қатар пайдаланылуы тиіс», – деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар, қатысушылар мемлекеттік сатып алуды цифрлық трансформациялау және цифрлық платформаларды мемлекеттік реттеу тақырыбын талқылады. ЕАЭО Сотының өкілдері консультативтік қорытындылардың бәсекелестік және мемлекеттік сатып алу саласындағы құқықтық реттеуге әсері туралы айтты.

Форум сессиясының толық нұсқасын сілтеме арқылы көруге болады.