ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Данияр Иманалиев пен Марокко Корольдігінің Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лотфи Бушаара Еуразиялық экономикалық комиссия мен Марокко Үкіметі арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады.
"ЕАЭО мен Марокко арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың әлеуеті зор. ЕАЭО елдері мен Марокко арасындағы тауар айналымы оң серпінді сақтап отыр: ол 2025 жылы 17% өсіп, екі 2 млрд доллардан асты", — деп атап өтті ЕЭК министрі.
Данияр Иманалиевтің сөзінше, Еуразиялық экономикалық комиссия мен Марокко Үкіметі арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум экономикалық мәселелердің кең ауқымы бойынша диалогты дамыту үшін жақсы негіз жасайды және ресми әрі іскер топтарды әртүрлі саладағы реттеушілікті дамытудың өзекті мәселелері туралы хабардар етуді мақсат тұтады бағытталған.
Өз кезегінде Марокко дипломатиялық миссиясының басшысы ЕАЭО елдерімен, сондай-ақ Одақтың мүше мемлекеттері үшін ашылатын сауда-экономикалық байланысты дамыту перспективаларына, Марокконың әлеуетін пайдалана отырып, Африканың бүкіл өңірімен сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мүмкіндіктеріне назар аударды.
Тараптар өзекті мәселелер бойынша салалық өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығын атап өте келіп, тиісті консультацияларды, соның ішінде ЕАЭО және Марокко елдерінің бизнес-қоғамдастығын хабардар ету үшін ұйымдастыруға дайын екендіктерін атап көрсетті.
Еуразиялық экономикалық комиссия мен Марокко Корольдігі арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға 2017 жылғы 28 қыркүйекте Рабатта қол қойылды. Құжат сауда байланыстарын ұлғайтуды және әртараптандыруды, сондай-ақ нарықтарға өзара қол жеткізуді жеңілдетуді қоса, экономикалық қатынастар мен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.
Марокко ЕАЭО преференциялар жүйесі шеңберінде тарифтік жеңілдіктерді пайдаланады. Бұл Мароккодан келетін кейбір тауарлар үшін ЕАЭО аумағына әкелу кезінде төмендетілген немесе нөлдік тарифтер қолданылуы мүмкін дегенді білдіреді.