Данияр Иманалиев: "Комиссияның БҰҰ ЕЭК-пен ынтымақтастығын кеңейту интеграциялық процестердің тиімділігін арттырады"
03.10.2025
Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Данияр Иманалиев БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысының орынбасары Дмитрий Марьясинмен Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы (Швейцария) бөлімшесінің штаб-пәтерінде кездесті.

ЕЭК министрі Еуразиялық экономикалық комиссияның халықаралық ынтымақтастық қағидаттарына көзқарасы, ЕАЭО-ның 2030 жылға дейінгі экономикалық дамуының негізгі бағыттары (ЭДНБ-2030), "Еуразиялық экономикалық жол"декларациясын іске асыру туралы айтып берді.

Дмитрий Марьясиннің сөзінше, 2026 жылдың сәуір айында өтетін Өңірлік форумға дайындық шеңберінде көлік, энергетика, инновация және сауда сияқты түйінді бағыттар бойынша тақырыптық брифтер мен мазмұнды баяндамалар әзірлеу жоспарлануда.

Тараптар статистикалық деректердің әдіснамасы бойынша ынтымақтастыққа бөлекше назар аударды.


Скачать исходники фотографий