Давид Левонович Геворгян 1986 жылы 28 сәуірде Ереван қаласында туған.
2007 жылы Халықаралық кәсіпкерлік академиясын бітірген.
2007 жылдан 2012 жылға дейін Арменияның "Ардеф" даму қорында жұмыс істеді, соның ішінде соңғы үш жылда оның басшысы болды.
2012-2016 жылдары Армения Республикасы Ұлттық қауіпсіздік кеңесі аппаратының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру департаментінің экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздік стратегиясын іске асыру жөніндегі бірінші бөлімінің бас маманы болып істеді.
2016-2018 жылдары Армения Республикасы Президенті Аппараты басшысының көмекшісі болды.
2018-2022 жылдары Армения Республикасы Вице-премьер-министрінің протоколын басқарды.
2022-2025 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрінің көмекшісі болды.
2025 жылғы 1 сәуірден бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Істерді басқару департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.