Жаңалықтар

17.09.2021 (Обновлено: 07.02.2022 16:59)

ЕЭК-тің Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаменті ЕАЭО елдерінің бизнес-қоғамдастығымен өзара іс-қимыл арналарын жетілдіруде

17 қыркүйекте ЕЭК-тің Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаменті Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігіндегі тосқауылдарды, алып қоюларды және шектеулерді жою мәселелері бойынша Сарапшылық топтың отырысын өткізді. Кездесу бейнеконференция режімінде ЕЭК-тің Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаментінің директоры Алмаз Сазбаковтың төрағалығымен өтті. Отырысқа ЕАЭО-ның барлық елінің бизнес-құрылымдары мен бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Кездесуде сарапшылық топтың міндеттерін өзектілендіру мен өзара іс-қимыл арналарын жетілдіруден бизнестің ішкі саудадағы кедергілерге ықпалын экономикалық бағалауға дейінгі көптеген мәселе талқыланды.

«Өзара іс-қимылды дамыту және бизнестің өтінішіне жедел ден қою ішкі саудадағы қазіргі бар қиындықтарды тиімді шешуге мүмкіндік береді»,- деп атап өтті Алмаз Сазбаков.

Бизнеспен өзара іс-қимыл жөніндегі жауапты тұлға болып ЕЭК-тің Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаменті директорының орынбасары Елена Перминова тағайындалды. Оның сөзінше, департамент Одақ елдерінің барлық бизнес-бірлестігімен нысаналы өзара іс-қимыл үшін ашық әрі ынтымақтастықты нығайту мен дамытуды мақсат тұтып отыр.

Еуразиялық ішкі нарықтың дамуы бизнес-қоғамдастықпен диалогтың жаңа форматы қаншалықты мазмұнды әрі сенімді құрылуына байланысты.

Кездесу барысында қатысушылар бизнес өтініштерінің тізілімін және тұтастай «Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарықтарының жұмыс істеуі» ақпараттық порталын, кедергілерді жою, күрделі жөндеуден кейін темір жолдарды пайдалануға беру проблемалары жөніндегі ақпаратты цифрлық жүйелендіруді жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты.

 

Сарапшылық топтың отырысы әр айдың бірінші бейсенбісінде 11:00-де бейнеконференция режімінде өтіп тұрады. Келесі кездесу 7 қазанға жоспарланған.