ЕЭК
/
Жаңалықтар
/
Динара Мұқаева ЕЭК-тің Монополияға қарсы реттеу департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды
Динара Мұқаева ЕЭК-тің Монополияға қарсы реттеу департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды
03.06.2025
Динара Бақытқызы Мұқаева 1987 жылы Қазақстанның Алматы облысында туған.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша бітірген.
2008-2020 жылдары Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органдары жүйесінде әртүрлі лауазымда жұмыс істеді.
2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің картельдерге қарсы күрес басқармасын басқарды.
2022-2025 жылдары Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Абай облысы бойынша аумақтық департаментін басқарды.
Қазақстан Республикасының "Монополияға қарсы қызметтің үздігі" төсбелгісімен марапатталған.
2025 жылғы 28 мамырдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.