Еңбек жолын 2003 жылы Қырғыз Республикасы Ұлттық статистика комитетінің Іріктеп зерттеу басқармасының жетекші маманы қызметінен бастады. Кейін Ұлттық шоттар жүйесі басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді.
2007 жылы Қырғызстан Ұлттық статистика комитетінің баға статистикасы бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
2011 жылдан 2018 жылға дейін Қырғыз Республикасы Үкіметінің аппаратында: интеграциялық процестер және макроэкономика секторының меңгерушісі, отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану бөлімі меңгерушісінің орынбасары, сондай-ақ экономика және инвестициялар бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2018 жылдан 2022 жылға дейін Қырғыз Республикасы Ұлттық статистика комитеті төрағасының бірінші орынбасары болды.
2026 жылғы 19 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаментінің директоры болып тағайындалды.