Серік Қуанышұлы Құсайынов 1968 жылы 19 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында туған.
1991 жылы Ленинград кеме жасау институтын, 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Алматыда Киров атындағы машина жасау зауытында инженер-технолог болып бастаған.
1992-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік агроөнеркәсіп жүйесінің Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындарында жұмыс істеді.
1993-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысындағы кеден органдарында әртүрлі лауазымда қызмет атқарды.
2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасының сот жүйесінде жұмыс істеді, Батыс Қазақстан облысы аудандық соттарының судьясы, төрағасы болды.
2015-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы бас директорының орынбасары.
2017-2018 жылдары — Астана қаласы әкімдігінің "Астана Innovations" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары.
2018-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары болды.
2021-2025 жылдары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары болып істеді.
2025 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры болып тағайындалды.