Жаңалықтар

12.01.2022 (Обновлено: 31.01.2022 17:32)

Қаптамаға, ойыншыққа, жеке қорғану құралдарына және балалар мен жасөспірімдер өніміне арналған техрегламенттерге стандарттардың тізбесі толықтырылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ЕАЭО техрегламенттерінің талаптарын қамтамасыз ететін стандарттар тізбесін полистиролдан, стирол сополимерлерінен және поликарбонаттан жасалған бұйымдар құрамындағы бутадиен және хлорбензол миграциясы деңгейін айқындау әдістемелерімен толықтырды.Бұл қаптамаға, ойыншыққа, жеке қорғану құралдарына және балалар мен жасөспірімдер өніміне арналған техрегламенттерге қатысты.

Әдістемелер Комиссияның тиісті ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қорытындылары бойынша әзірленген. Осы уақытқа дейін стандарттар тізбесінде судағы бутадиен миграциясы деңгейін және ауадағы хлорбензол миграциясы деңгейін айқындау әдістемелері жоқ болатын, оларға қойылатын талаптар осы техрегламенттерде белгіленген.