ЕАЭО мен АСЕАН экономикалық диалогты дамытады
Ресей — АСЕАН саммитінің Іскерлік форумы шеңберінде өткен "ЕАЭО — АСЕАН шеңберіндегі әріптестік: энергетика, инфрақұрылым және өнеркәсіптік кооперация саласындағы өзара іс-қимыл" сессиясында ЕАЭО және АСЕАН елдері ынтымақтастығының басты бағыттары мен перспективалары қаралды. Пікірсайыстың модераторы Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Данияр Иманалиев болды. 

"ЕАЭО мен АСЕАН елдері диалогының перспективалық экономикалық күн тәртібіне азық-түлікпен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығының орнықты дамуы, сондай-ақ экономиканың цифрлық трансформациясы, өнеркәсіп, энергетика және әрине көлік дәліздерінің дамуы кіреді", — деп атап көрсетті Данияр Иманалиев. 

ЕЭК министрі екі интеграциялық құрылым ынтымақтастығының құрылған механизмдері экономиканың басты салаларында практикаға бағдарланған диалогты кеңейту үшін қажетті жағдайлар жасайтынын атап өтті.

 

Сессияға қатысушылар екі интеграциялық бірлестік елдерінің іскерлік ынтымақтастығы мәселелерін, соның ішінде бірлескен жобаларды іске асыру және екі өңірдің экономикалық байланыстылығын күшейту мақсатында үздік интеграциялық практиканы пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.

Талқылауға Индонезия, Лаос, Таиланд, Филиппин мемлекеттік билік органдарының және басты бизнес қауымдастықтарының басшылары қатысты.

Ресей — АСЕАН Іскерлік форумы Ресей — АСЕАН саммитінің "алаңында" болып өтті (Қазан, 2026 жылғы 17-19 маусым).

Форум Ресей мен АСЕАН мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың магистральдық бағыттарын, сондай-ақ ЕАЭО — АСЕАН әріптестігі шеңберіндегі өзара іс-қимылды нысаналы әрі кәсіби талқылау үшін ірі де ықпалды халықаралық пікірсайыс платформасының іргетасын қалыптастыруға арналған.