Басты бет
/
Жаңалықтар
/
ЕАЭО мен Индонезия еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздердің төртінші раундын өткізді
ЕАЭО мен Индонезия еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздердің төртінші раундын өткізді
22.03.2024
18-20 наурызда Ереванда Еуразиялық экономикалық одақ пен Индонезия Республикасы арасында еркін сауда туралы келісім жасасу жайындағы келіссөздердің төртінші раунды өтті.
"Индонезия тарапымен құжат жобасының жекелеген тарауларын келісу туралы уағдаластыққа қол жетті. Әріптесімізбен бірге келіссөздерді осы жылдың өзінде субстантивті аяқтауға жақын келсек деген ұмтылыс бар", – деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаменті сауданы реттеудің арнаулы мәселелері бөлімінің бастығы, ЕАЭО атынан бас келіссөзші Антон Цециновский.
Анықтама
Индонезиямен келіссөздерді бастау туралы шешімді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 2022 жылғы мамырда қабылдады. Келіссөздердің бірінші, екінші және үшінші раундтары тиісінше 2023 жылғы сәуірде, шілдеде және желтоқсанда өтті.