Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында "Еуразиялық агроэкспресс" жобасын дамыту мәселесі бойынша Иран тарапымен кеңес болып өтті.
"Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауданың толық форматты аймағы бойынша жұмыс барысында келісілгендей, біз барлық келісімімізді практикалық арнаға бұрамыз", — деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
Осыған байланысты, атап айтқанда, ЕАЭО өнімдерін Иранға жеткізу, сондай-ақ Иранның көкөністері мен жемістерін біздің елдеріміздің нарығына тасымалдаудың ауқымды көлемін ұйымдастыру туралы сөз болып отырғанын еске салды. Бүгінде дүкен сөрелерінде тиісті тауарлар тұр. Алайда "Еуразиялық агроэкспресс" іске қосылуымен ауыл шаруашылығы өнімдері тезірек жеткізіледі, сапасы жақсы және делдалдар саны аз болады деп сенім білдірді министр.
Өз кезегінде, Иран Ислам Республикасы Ауыл шаруашылығы жиһад министрінің бірінші орынбасары Алиреза Пейман-Пак "жобаға тікелей кіре алатын немесе агроөнеркәсіп өндірушілеріңіздің жеткізілімдерін Иранға және біздің өнімдерімізді кері бағытта экспорттауды ұйымдастыру үшін "бір терезе" ретінде әрекет ете алатын ірі Иран холдингімен өзара іс-қимылды ұсынамыз", — деп мәлімдеді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың нақты форматы мен жай-жапсарын талқылауды "Еуразиялық агроэкспресс" жобасының дирекциясы — "Еуразиялық Агрологистика" АКҰ мен Иран компаниясына бере отырып, жұмысты осы арнада жалғастыруға уағдаласты.
"Бұл ретте біз логистикадан бөлек, шешілуі қажет басқа да мәселелер бар екенін түсінеміз. Бұл өзара есептесулер, фитосанитариялық бақылау, бұл Иран арқылы Парсы шығанағы елдері мен Үндістанға транзит мәселелері", — деп назар аударып өтті Андрей Слепнев.
Ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті, сондай-ақ Азия және Еуропа бағыттарында экспорттық жеткізілімдерді тұрақты өзара жеткізуді дамыту мақсатында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің "Еуразиялық агроэкспресс" жеделдетілген темір жол және мультимодальды тасымалдауды жүзеге асыру жөніндегі бірлескен жобасын іске асыру туралы бастамасы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 3 өкімімен мақұлданды. ЕҮК 2023 жылғы 3 ақпандағы № 6 өкімімен "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізі маршрутына масштабталды.