Минск қаласында өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында ЕЭК
пен Никарагуа Үкіметінің өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының тең төрағалары, яғни ЕЭК интеграция және макроэкономика министрі Эльдар Алишеров және Никарагуа Президентінің инвестициялар, сауда және халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Лауреано Ортега Мурильо кездесу өткізді.
«2024 жылы ЕЭК пен Никарагуа Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қоя отырып, біз диалогымызды сапалы жаңа деңгейге көтердік. Біздің ортақ мақсатымыз сауда-экономикалық ынтымақтастықты ұлғайту және әртараптандыру, өзара қызығушылық тудыратын салалық бағыттар бойынша тәжірибе алмасу бойынша бірлескен күш-жігерді үйлестіру, сондай-ақ ЕАЭО мен Никарагуа іскер топтарының өкілдеріне тікелей өзара іс-қимыл орнатуға жәрдемдесу болды», — деп атап өтті Эльдар Алишеров.
Тең төрағалар 2024 жылдың соңында өткен бірлескен жұмыс тобының отырысынан кейінгі кезеңде тараптардың атқарған жұмыстары туралы ақпаратпен алмасып, салалық диалогты дамытудың зор әлеуетінің бар екенін атап өтті.
Сонымен қатар ЕЭК министрі: «Сауда-экономикалық ынтымақтастық көлемін өзара тиімді ұлғайту міндетін бірлесіп шеше отырып, бір-бірін жақсырақ танып, бизнесті жүргізудің коммерциялық мүмкіндіктері мен талаптары туралы ақпарат тапшылығын жою қажет. Бизнес – біздің диалогтың негізгі драйвері және бенефициары», — деп атап өтті.
Лауреано Ортега Мурильо дәл осы тұрғыда Мәскеудегі бірлескен жұмыс тобының алдыңғы отырысында қол жеткізілген келісімдер пысықталып жатқанын айтты. Ол сондай-ақ Никарагуаның ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін алу мәселесін зерделеп жатқанын, бұл Никарагуаның ЕАЭО-ға және ЕЭК-ке мүше мемлекеттермен сауда-экономикалық өзара іс-қимылын одан әрі белсендіруге мүдделілігін растайтынын айтты.
Эльдар Алишеров жауап ретінде осындай мәртебені алудың процедуралық мәселелерін түсіндірді.
Жұмыс тобының тең төрағалары бұдан әрі бірлескен жұмыс тобында техникалық реттеу, санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шараларды қолдану, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, фармацевтика және биотехнология мәселелеріне назар аударған жөн деп атап өтті. ЕАЭО мен Никарагуаның географиялық қашықтық факторын ескере отырып, жоғары көлік шығындарымен және цифрландыруды дамытуға және қызмет көрсетуге қатысты ілеспе мәселелермен байланысты емес секторларға назар аударған жөн.
ЕЭК пен Никарагуа Үкіметінің өзара іс-қимылы жөніндегі бірлескен жұмыс тобының кезекті толық форматты отырысы ағымдағы жылдың соңына жоспарланған.