ЕАЭО мен ТМД агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша тәжірибе ауысты
18.09.2025
Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Наира Карапетян 18 қыркүйекте Душанбеде (Тәжікстан Республикасы) өткен ТМД Агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі Үкіметаралық кеңестің отырысына қатысушыларды Еуразиялық экономикалық одақта аграрлық саланың дамуы және өзіндік тамақ өнімдерімен қамтамасыз етудің жоғары деңгейі туралы хабардар етті.

Агроөнеркәсіптік кешен және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекетаралық өзара қарым-қатынас талқылаудың түйінді тақырыбы болды, құжаттардың тиісті жобалары қаралды.   

"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері мен Еуразиялық экономикалық одақтың тығыз сауда-экономикалық байланысын назарға ала отырып, агроөнеркәсіптік саладағы бұдан арғы ынтымақтастық сала өнімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара жеткізілімін арттыра түсу және Еуразиялық кеңістікте азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі интеграциялық бірлестіктердің қолда бар әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін", — деп атап өтті Наира Карапетян.

Отырыс қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы мен агроазық-түлік жүйелерін орнықты дамыту саласындағы ынтымақтастықтың орта мерзімді перспективаға арналған негізгі бағыттары айқындалды.

 

ТМД АӨК мәселелері жөніндегі Үкіметаралық кеңестің отырысына ТМД елдерінің Ауыл шаруашылығы министрлері, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының өкілі, сарапшылар қатысты.