ЕАЭО мен Өзбекстан кедендік ақпарат алмасу туралы келісім жобасын келісті

30 қыркүйекте Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақ пен Өзбекстан Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдың тауарлары мен көлік құралдары жайында ақпарат алмасу туралы келіссөздердің бірінші раунды аяқталды.

Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Сергей Шкляев: "Өзбекстан Одақтың басты сауда әріптестерінің бірі болып табылады. Кеден саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мен елдеріміздің және кеден қызметтерінің арасындағы сенімді нығайту – біздің басымдығымыз. Ақпарат алмасу туралы келісім жасасу және оны кейіннен іске асыру кедендік рәсімдерді оңайлату әрі тауарлардың шекарадан өткізілуін тездету үшін маңызды қадам болады, осымен бір мезгілде ол тиімді кедендік бақылау жүргізуге ықпал етеді", – деп атап өтті.

Ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізудің және Одақ елдері мен Өзбекстанның мүдделі уәкілетті органдарыменмен алдын ала консультациялар сериясын өткізудің арқасында келіссөз делегациялары бірінші раундтың-ақ қорытындысы бойынша ақпарат алмасу туралы келісімнің жобасын келісуге қол жеткізе алды.

Диалогқа қатысушылар құжатты мемлекетішілік келісу рәсімдерін бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Өзбекстан Республикасымен келіссөздерді бастау туралы шешімді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 2025 жылғы желтоқсанда қабылдады.

ЕАЭО келіссөз делегацияларының құрамына мүше мемлекеттердің кеден және өзге де мүдделі уәкілетті органдарының өкілдері, сондай-ақ ЕЭК қызметкерлері кіреді.