ЕАЭО — Иран: еркін сауда туралы толық форматты келісім күшіне енді
15.05.2025
2025 жылғы 15 мамырда Бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше мемлекеттер мен екінші жағынан Иран Ислам Республикасы арасында Еркін сауда туралы толық форматты келісім күшіне енді.
Ол 2019 жылдан бастап қолданыста болған тауарлық қамтуы шектеулі уақытша келісімді ауыстырады және ЕАЭО елдерінің өндірушілері үшін Иран нарығына қол жеткізудің бірегей жағдайын жасайды. Мәселен, Одақтан Иранға жеткізілетін тауарларға қатысты кедендік әкелу бажының орташа ставкасы 20%-дан 4,5%- ға дейін төмендейді.
"Толық форматты келісімді имплементациялау шеңберінде тараптар 2025 жылдың екінші жартысына жоспарланған Бірлескен комитеттің бірінші отырысын ұйымдастыруға кірісті, оның барысында Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран Ислам Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың нақты мәселелерін талқылау жоспарлануда", — деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
Жаңа келісім ЕАЭО мен Иранның барлық тауар номенклатурасының 90%-на қатысты преференциялық қолжетімділік бойынша өзара міндеттемелерін бекітеді. Уақытша келісіммен салыстырғанда толық форматты келісімде тараптар арасында тосқауылсыз сауда кеңістігін құруға бағытталған реттеуші бөлім айтарлықтай жақсартылды. Сарапшылардың бағалауы бойынша, оны іске асыру ЕАЭО мен Иран арасындағы тауар айналымын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді, ол орташа мерзімді перспективада 12 млрд долл. жетуі мүмкін.