ЕАЭО – Куба: практикалық диалогтың дамуы
02.12.2025

ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Данияр Иманалиевтің Куба Республикасының ведомстволары мен ұйымдары басшыларымен бірқатар жұмыс кездесуі шеңберінде салалық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Куба тарапы ЕАЭО-ның дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу, тауарларды таңбалау, электрондық сауда және өнімге арналған техникалық регламенттерді әзірлеу тәжірибесіне қызығушылық білдірді. Бұл тәжірибені Кубаның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Ұлттық экономикалық және әлеуметтік даму жоспарын іске асыруда, сондай-ақ Куба тарапы ұсынған жобаларды іске асыру шеңберінде пайдалану ниеті айтылды.

Мысалы, ЕАЭО елдерінің компаниялары үшін жеңілдікті талапшарттар ұсынатын "Мариэль" айрықша даму аймағындағы логистикалық хаб жобасы таныстырылды. Куба өкілдерінің пікірінше, бұл жобаны іске асыру Кубамен сауданы күшейтуге серпім беріп қана қоймай, сонымен бірге өңірде Одақтың экономикалық қатысуын кеңейту алаңы да бола алады.

Данияр Иманалиев бұл бастаманың перспективалы екендігін атап өтіп, ЕАЭО елдері мен Куба арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетін іске асырудың түйінді талапшарты көлік- логистика мәселелерін шешу, сондай-ақ төлемдерге неғұрлым икемді тәсілдемелерді әзірлеу болып табылатынын атап көрсетті. Осы саладағы бастамаларды іске асыру үшін мемлекеттік басқару органдары мен іскер топтар өкілдерінің қатыстыра отырып, ауқымды сарапшылық жұмыс істеу қажет болады.

"Кубалық әріптестердің ЕАЭО-мен және ЕЭК-пен кең экономикалық күн тәртібі бойынша диалогты кеңейтуге деген тілегін атап өтеміз, олар реттеушілік өзара іс-қимыл мәселелеріне де, сондай-ақ өнеркәсіптегі, АӨК-тегі, көлік және логистикадағы іскер топтар желісі бойынша жобалық қызметке, санитариялық-фитосанитариялық және ветеринариялық шараларға, сондай-ақ туризм саласындағы өзара іс-қимылдың экономикалық аспектілерін талқылауға қызығушылық танытуда", — деп атап көрсетті ЕЭК министрі. 

Гаванада сыртқы сауда және шетелдік инвестициялар, сыртқы істер, көлік, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм бойынша бірқатар министрліктер пен ұйымдардың басшылығымен жұмыс кездесулері өтті. ЕЭК делегациясы Кубаның Сауда палатасының, "Мариэль" айрықша экономикалық даму аймағының және "БиокубаФарма" компаниясының басшылығымен де келіссөздер жүргізді.