Жаңалықтар

22.03.2022 (Обновлено: 31.03.2022 12:47)

ЕАЭО балықтардың ұрықтанған уылдырығына арналған импорттық баждарды нөлге 2024 жылдың соңына дейін түсіреді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы балықтардың ұрықтанған уылдырығының жекелеген түрлеріне қатысты қоса алғанда 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта кедендік әкелу бажының нөлдік ставкасын белгілеу туралы шешім қабылдады.

ЕЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян бұрын Комиссия Кеңесі албырт балық пен бақтақтың шабақтарына арналған кедендік әкелу бажының қолданылу мерзімін ұзартқанын еске сала отырып, «кедендік-тарифтік реттеу шарасы Еуразиялық экономикалық одақтың балық аулау саласын қолдауға және одан әрі дамытуға арналған», — деп шешімге түсіндірме берді.
Балықтардың ұрықтанған уылдырығына қатысты ЕАЭО БКТ кедендік әкелу бажының ставкасы кедендік құннан 8% мөлшерінде белгіленген.

ЕЭК-тің басқа актілеріне де қажетті өзгерістер енгізілетін болады.

Анықтама

ЕЭК Алқасының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 198 шешіміне сәйкес қарастырылып отырған тауарларға қатысты 2019 жылғы 13 қаңтардан бастап қоса алғанда 2022 жылғы 28 ақпанға дейін кедендік әкелу бажының нөлдік ставкасы қолданылды.

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі