Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне жеткізілетін ірі қара мал (ІҚМ) етінің жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу бажынан босату түрінде тарифтік жеңілдік берді.
Бұл арада сөз тауарды мынадай көлемде: Армения үшін – 7,5 мың тоннаға дейін, Беларусь үшін – 7,5 мың тоннаға дейін, Қазақстан үшін – 5 мың тоннаға дейін, Қырғызстан үшін – 5 мың тоннаға дейін, Ресей үшін – 100 мың тоннаға дейін әкелу мүмкіндігі туралы болып отыр.
"Кедендік-тарифтік реттеудің қабылданған шарасы теңдестірілген шешімді білдіреді, ол арналымын растауды бағамдайтын нысаналы сипат есебінен ет өңдеу саласын қолдайды. Бұл ретте ол сиыр етінің ішкі нарығына теріс әсер етпейді және етті мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қосымша тәуекелге ұрындырмайды", – деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
Ол алдыңғы кезеңде тиісті тарифтік жеңілдіктерді қолдану халық үшін ет өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және тұтыну бағасының өсу қарқынын тежеуге мүмкіндік бергенін атап көрсетті.
Одақ елдеріндегі ІҚМ етінің тапшылығы дәстүрлі түрде бірінші кезекте Латын Америкасы мен Үндістан елдерінен келетін жеткізілімдер есебінен өтеледі.
Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарда қолданылады.