Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы титан қалдықтары мен сынықтарына (ЕАЭО СЭҚ ТН 8108 30 000 0 коды) қатысты кедендік әкелу бажын 2024 жылғы 1 сәуірден бастап 2026 жылғы 28 ақпанға дейін 0% мөлшерінде белгілеуге шешім қабылдады.
Қарастырылып отырған тауарлар негізінен аэроғарыш саласына арналған титан өнімдерінің өндірісі кезінде қайталама шикізат ретінде пайдаланылады. Қолданылатын басқа салалары ретінде энергетиканы, кеме жасауды және медицинаны бөліп көрсетуге болады.
"Еуразиялық экономикалық одақтың металлургиялық кәсіпорындарының титан қалдықтары мен сынықтарын пайдалануы титан жартылай фабрикаттарын өндіру процесін айтарлықтай арзандатады және жеделдетеді, сондай-ақ дайын өнімдерді шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте біздің елдеріміздің компаниялары өз өндірісінің қалдықтарын да, үшінші елдерден келетін импорттық шикізатты да пайдаланады", – деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
ЕАЭО БКТ-ның титан қалдықтары мен сынықтарына арналған кедендік әкелу бажының ставкасы кедендік құнның 5%-ын құрайды. Қаралып отырған тауарға қатысты 2015-2016 жылдары және 2021 жылдан бастап 2024 жылғы 31 наурызға дейін нөлдік ставка қолданылды.