Жаңалықтар

07.10.2022

ЕАЭО ұжымдық Батыстың теңдесіз сын-тегеуіріндеріне ойдағыдай қарсы тұрады

Бұл туралы Мәскеуде 7 қазанда «Президент-отельде» өткен «Интеграция» Еуразиялық іскерлік форумының қатысушылары мәлімдеді. Форумның жалпы отырысы қалыптасқан экономикалық жағдайларда серпілісті жобалар мен бизнес-идеялар іздеуге көңіл бөле отырып, ашық бизнес-диалог форматында өтті.

Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі, пікірсайыс модераторы Сергей Глазьев атап көрсеткендей, Еуразиялық экономикалық одақ пандемиялық сынақтан ойдағыдай өтті және қазір, Беларусь пен Ресейге қатысты санкцияларға қарамастан, ойдағыдай дамуда. Ол 2020 жылы ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары бекіткен 2025-Стратегиясы қатаң жоспар бойынша іске асырылып жатыр деп сөзін толықтырды.

"Біздің интеграциялық бірлестігіміз өзін тиімді, қатысушы елдердің бәсекелестік артықшылықтарын ұштастырушы ретінде көрсетті. Қарқынды түсірместен, біз өзара сауданы ойдағыдай дамытудамыз. ЕАЭО-дан тыс елдермен сауда өсе түсуде — өткен жылы экспорт бір жарым есеге жуық өсті, осы жылы да өсім күтіп отырмыз. Санкцияларға қарамастан, биыл сыртқы сауда аса қатты отырып қалған жоқ, біз сауданы оңтүстіктегі және шығыстағы көршілерімізбен, әсіресе Қытаймен және Үндістанмен тез өсіру үстіндеміз", — деді Сергей Глазьев.

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің сөзінше, ЕАЭО елдерінің экономикасы санкцияларға және Одақтың мемлекеттері мен кәсіпорындарына қатысты басқа да бейдос іс-әрекеттерге байланысты теңдессіз күрделі жағдайларда жұмыс істеуде. Бұл жағдаятта экономикаларды дамытудың жаңа нұсқаларын табу керек. Және бәрінен бұрын инвестициялық қызметке назар аударған жөн.

"Кредиттік ресурстар қымбат және олар аз. Негізгі қорлар ескіруде, жаңалары аз. Егер жағдаятты өзгертпесе, ертең бұдан да нашар болады, — деп мәлімдеді ЕЭК Алқасының басшысы.- Комиссия ЕАЭО-дағы кооперациялық жобаларды қолдау және қаржыландыру шаралары бойынша нақты ұсыныстар дайындады. Кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды елеулі субсидиялау керек деп ойлаймыз. Біз интеграциялық жобаларды 3+ деп есептеуді ұсынамыз, яғни кем дегенде бұл жобаларға үш мемлекеттің өкілдері қатысуға тиіс. Бұл мақсаттарға алынатын арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының шамамен 10%-ын жіберуге болады. Өткен жылы бұл сома шамамен 200 млн АҚШ долларын құрады. Басымдықты салалар мен қызметтің түрлерін айқындау керек және бірінші кезекте микроэлектроникағы, фармацевтика өнеркәсібіне, авиажасауға назар аудару қажет".

Михаил Мясниковичтің пікірінше, экономикалық өсуді тездетудің екінші факторы ғылыми-техникалық дамуды ынталандыру болып табылады.

"Тиімді сату үшін бәсекеге қабілетті тауарларға ие болу керек, олардың негізінде жаңа технологиялар жатады, ал бұларды жасау үшін іргелі білім талап етіледі", — деп мәлімдеді ол.

Михаил Мясникович үшінші түйінді бағыт деп Үлкен Еуразиялық әріптестікті қалыптастыруды және көлік-логистика саласын дамыту бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымымен күш-жігер біріктіруді атады.

Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының президенті Александр Шохин өз кезегінде бизнес-қоғамдастықтың ЕЭК-пен өзара іс-қимылын, әсіресе Еуразиялық компаниялар құру жұмысында қарқынды ету жайында мәлімдеді.

"3+ форматындағы Еуразиялық корпорациялардың құқықтық мәртебесін пысықтау күрделі, бірақ перспективалы жоғары технологиялық жобаларды, мысалы, микроэлектроника саласында іске асыра алатын заңды тұлғалардың жаңа табын қалыптастыруға мүмкіндік береді", — деп атап көрсетті Александр Шохин.

Ол сондай-ақ төлем-есеп айырысу қатынастарын барынша тез цифрлау және жаңа төлем құралдарын сынамалау қажеттігі жөнінде пікір білдірді.


Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметі басшысының орынбасары Владимир Ивин өз кезегінде үш түйінді кедендік бағытты бөліп көрсетті: ЕАЭО Кеден кодексіне түзетулер енгізу жөніндегі жұмысты жандандыру, ЕАЭО транзиттік әлеуетін дамыту және экспортты реттеудің бірыңғай шараларын тұжырымдау.

ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев Одақ елдерінің өркендеуі мен игілігінің іргелі негізі энергия қуаттары мен көлік дәліздері болуға тиіс деп мәлімдеді.

"Таяу Шығыс, Үндістан бағытындағы "Шығыс-Батыс" құрамдастырылған транзиттік көлік дәліздеріне тоғысқан, Каспий теңізі өңіріндегі өзара іс-қимылды кеңейткен, "Солтүстік-Оңтүстік" көлік дәлізі мен Транскаспий маршруты шегіндегі инфрақұрылымдық әлеуетті пайдалану мәселесін пысықтаған маңызды", — деп санайды ЕЭК министрі."Таяу Шығыс, Үндістан бағытындағы "Шығыс-Батыс" құрамдастырылған транзиттік көлік дәліздеріне тоғысқан, Каспий теңізі өңіріндегі өзара іс-қимылды кеңейткен, "Солтүстік-Оңтүстік" көлік дәлізі мен Транскаспий маршруты шегіндегі инфрақұрылымдық әлеуетті пайдалану мәселесін пысықтаған маңызды", — деп санайды ЕЭК министрі.

ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко ЕАЭО-да Еуразиялық өнім сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру қажеттігі туралы мәлімдеді. Оның сөзінше, нарықты қауіпті өнімнен қорғау үшін Комиссия елеулі шаралар қабылдайды. Бұл ретте Одақтың барлық елінің күш-жігерін шоғырландыру қажет.

"Үшінші елдердің нарықтарына шығара алу үшін біздің өніміміз қауіпсіз болып қана қоймай, сапалы да бәсекеге қабілетті болуға тиіс", — деді Виктор Назаренко.

Бизнес өкілдері қалыптасқан экономикалық жағдайдағы жұмыс жөнінде өз ұсыныстарын білдірді.

"Біріккен көлік-логистика компаниясы — Еуразиялық теміржол альянсы" АҚ бас директоры Алексей Гром Беларусьтың, Қазақстанның және Ресейдің осынау бірегей интеграциялық жобасын дамыту туралы әңгімеледі. Бүгінгі таңда компанияның 550-ден астам маршруты бар, ЕАЭО-ның ЕО-мен және ҚХР-мен шекаралары арасындағы транзиттік уақыт алты тәулікті құрайды, бүл ретте жүктердің сақталу көрсеткіші 99,99%-ға жетті. Ол сөзін Комисияның, атап айтқанда, навигациялық пломбалары ендіру жұмысы Еуразиялық көлік инфрақұрылымын дамытуға айтарлықтай ықпал етеді деп толықтырды.

"Біріккен кеме құрылысы корпорациясы" АҚ бас директоры Алексей Рахманов санкциялар енгізуден пайда болған проблемаларға және осыған байланысты ашылатын мүмкіндіктерге назар аударды. 

"Ішкі су жолдары бізге үлкен мүмкіндіктер ашады. Біз Каспийдің оңтүстігінен Санкт-Петербургке дейін жүктерді сегіз күнде жеткізуге мүмкіндік беретін контейнер тасушыны жобалай бастадық, — деп атап өтті Алексей Рахманов.

Жалпы отырыста ЕЭК Кеңесінің Төрағасы, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары Адылбек Касымалиев, ЕЭК Кеңесінің мүшесі, Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенко, сондай-ақ «ЛВО» ЖШҚ (Беларусь Республикасы) директоры Олег Кондратенко, "Росстандарт" басшысы Антон Шалаев және басқалар бейнетілдесім нысанында сөз сөйледі.

Форумның ұйымдастырушылары Ресей Ғылым академиясының Еуразиялық экономикалық интеграция, жаңғырту, бәсекеге қабілеттілік және орнықты даму жөніндегі ғылыми кеңесі, кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігіне жәрдемдесу жөніндегі «Корпорация Альфа» АКҰ болды.

Анықтама

«Интеграция» Еуразиялық іскерлік форумы 2019 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді және өнеркәсіптік әрі экономикалық ынтымақтастықтың, сондай-ақ ЕАЭО кеңістігінде және достас елдерде кәсіпкерлердің өзара іс-қимылын дамытудың өзекті проблемалары мен перспективаларын талқылауға арналған халықаралық пікірсайыс алаңы болып табылады.