ЕЭК үшінші тараптардың ЕАЭО-ға және оған мүше мемлекеттерге қатысты шектеу шараларының тізілімін өзектілендірді
13.10.2025

Еуразиялық экономикалық комиссия жүргізетін тұрақты мониторинг нәтижелері бойынша "Сауда" порталында үшінші тараптардың Еуразиялық экономикалық одаққа және оған мүше мемлекеттерге қатысты шектеу шаралары тізілімінің жаңартылған версиясы жарияланды.

Қазіргі уақытта тізілімде ЕАЭО сыртқы саудасына тосқауыл болуы мүмкін 280 шара тіркелген.

Салалық ынтымақтастықты дамыту және Моңғолиямен өзара саудадағы тосқауылдарды анықтау мәселелері бойынша жақында өткізілген семинар шеңберінде жаңа сауда тосқауылы тіркелді. Шектеу Моңғолиядан стратегиялық азық-түлік тауарларын (бидай ұны, бидай тұқымы, ауыз су, сүт және мал еті) импорттауға рұқсат беруге байланысты тәртіпті қолдануға қатысты.

Бұл ретте Өзбекстан акциздерге қатысты әкімшілік шараның ішінара күшін жойды. Импортталатын ақ қантқа акциз салығы 2025 жылғы 1 қазаннан бастап жойылды. Комиссияның Еуразиялық экономикалық комиссия мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің 2024-2026 жылдарға арналған бірлескен іс-шараларының жасасылған жоспары шеңберінде шектеу шараларының күшін жою бойынша Өзбекстан Республикасымен тұрақты диалог жүргізіп келе жатқанын атап өткен жөн.

Комиссия үшінші елдермен саудадағы шектеу шараларын анықтау және жою жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Шектеу шарасы туралы Еуразиялық экономикалық комиссия порталындағы арнайы нысан арқылы хабарлауға болады.