ЕЭК өнімге қойылатын міндетті талаптарды өзектілендіреді

Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкийдің төрағалығымен өткен Техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентке 1-5-қосымшаларды өзектілендіру бөлігіндегі өзгерістер жария талқылауға жіберу үшін мақұлданды.


ЕЭК Алқасының отырысында "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентке өзгерістер жобасын сәйкестікті бағалау нысандары, схемалары мен рәсімдері бөлігінде және "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентке өзгерістер жобасын болып өткен талқылау қорытындылары бойынша пысықтауды ескере отырып қарау үшін жолдау келісілді.

 

Комиссияның жұмыс тобының отырысында "Сұйытылған көмірсутек газдарына оларды отын ретінде пайдалану үшін қойылатын талаптар" техникалық регламентіне сәйкестікті бағалау нысандары, схемалары мен рәсімдері бөлігінде өзгерістер жобасын мемлекетішілік келісуге жіберуді мақұлдау туралы ақпараты назарға алынды.

"Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентке техникалық сипаттағы түзетулер, соның ішінде редакциялық қателіктерді жою, сондай-ақ алкоголь өнімінің сәйкестігін бағалауға, алкоголь өнімін таңбалауға, сәйкестендіру көрсеткіштерін нақтылауға қатысты жекелеген ережелер бөлігіндегі өзгерістер жобасын ЕЭК Алқасының отырысында қарау үшін жіберер алдында Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің бірқатар ұсынысын қосымша талқылау ұсынылды.

Сондай ақ "Өрт қауіпсіздігін және өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарына қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентке орайлас СЭҚ ТН кодтары бар өнім тізбесіне өзгерістер, "Май өніміне арналған техникалық регламентке" және "Ет және ет өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентке орайлас стандарттардың өзектілендірілген тізбесі және жануарлардың аса қауіпті, карантиндік және зооноздық аурулары ошақтарының профилактикасы, диагностикасы, оқшаулануы мен жойылуы және өңірлендіру мен компартментализация жүргізу кезіндегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара іс-қимыл тәртібіне өзгерістер ЕЭК Алқасының отырысында қарау үшін ұсынылды.