Жаңалықтар

27.03.2023 (Обновлено: 28.03.2023 17:51)

ЕЭК ЕАЭО елдерінің селекционерлері мен тұқым өсірушілерінің қант қызылшасы тұқымын өндіру жөніндегі күш жігерін біріктіруге ықпал ететін болады

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Артак Камалян жұмыс сапарымен Липецк облысының тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына, Добрин қант зауытына және картоп қытырлағын шығаратын жоғары технологиямен жабдықталған «Ви Фрай» ЖШҚ зауытына барды.

ЕЭК Министрі өндірістік қуаттарды аралап, шикізатты қайта өңдеу және дайын өнімді шығару процестерімен танысып, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өңір кәсіпорындарының қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Атап айтқанда, Добрин қант зауытының басшылығымен сөйлесе отырып, Артак Камалян Кәсіпорынның инвестициялық саясатын іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Осындай саясаттың арқасында технологияларды үнемі жетілдіріп отыруға, кадрларды кәсіби қайта даярлауға болады, бұл сайып келгенде, ресей қант индустриясында алдыңғы қатарлы позицияларды иемденетін және дамудың перспективалық жоспарларын көрсететін зауыт жұмысының тиімділігін едәуір арттырады.

Сонымен қатар бәсекеге қабілетті тұқым материалын алу, контрафактілік және сапасыз тұқым өнімдерімен күресу, халықаралық ынтымақтастық және тәжірибе алмасу үшін қант қызылшасын селекциялау және тұқым шаруашылығы бағдарламаларын әзірлеу, оның ішінде ғылым мен техниканы дамыту саласындағы мәселелер талқыланды.

«Бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі – ЕАЭО елдерінің селекционерлері мен тұқым өсірушілерінің қант қызылшасы будандарының тұқымын өндірудегі күш-жігерін біріктіру. Еуразиялық экономикалық комиссия осындай өзара қарым-қатынасты құруға қолдау көрсетуге дайын. Қант қызылшасының тұқымымен өзін- өзі қамтамасыз етуді арттыру – бұл біздің елдеріміз бірлесіп жасайтын жұмысы», — деп атап өтті ЕЭК министрі. 

Артак Камалян «Липецк» арнайы экономикалық аймағында орналасқан картоп қытырлағын шығаратын «Ви Фрай» ЖШҚ зауытына барған кезде кәсіпорынның жоғары технологиямен жабдықталғанын және фермерлік шаруашылықтармен үйлесімді ынтымақтастығын атап өтті.

«Картоп өнімдерінің кіші кешені дәстүрлі түрде ЕАЭО АӨК дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Жоғары құнды картоп өнімдерінің өндірісін көру қуантады, бұл, әрине, жалпы саланың табысты болуын арттырады. Осылайша, картопты өңдеу нарығы өңдеушілер үшін де, ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін де қызықты болады», – деп атап өтті Артак Камалян.