Жаңалықтар

08.09.2021 (Обновлено: 12.01.2022 15:26)

ЕЭК бизнесті қолайлы жүргізу үшін кеңістік қалыптастырады

ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, АКТ жөніндегі министрі хатшылығының басшысы Вячеслав Казарян Армения Республикасында өткен BuissUp Global Forum форумында Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметі, бизнес-құрылымдармен өзара іс-қимыл және Одақ аумағында кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері туралы айтып берді. Іс-шараны Армян кәсіпкерлері қауымдастығы ұйымдастырды.

«Еуразиялық интеграциялық бірлестіктің қазіргі бар институттарын нығайту арқасында Армения кәсіпкерлері әріптес елдермен бірге экономикалық күйзелістердің салдарын, соның ішінде пандемия кезеңінде шаруашылық жүргізуші субъектілер өнімдерінің экспорты азаюы салдарын әлсіретіп, еңсере алады»,- деді Вячеслав Казарян.

Ол атап өткендей, ЕАЭО мүшесі ретінде Арменияның және бүкіл интеграциялық бірлестіктің экономикалық дамуы ұлтүсті және мемлекеттік институттардың ғана емес, сол сияқты өз тарапынан экономикалық интеграция процестерін жетілдіріп, дамытуға үлес қосатын кәсіпкерлік қоғамдастықтардың да тұрақты, іркіліссіз, дәйекті жұмысын талап етеді.

Оның сөзінше, Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою жұмысы төрт еркіндікті іске асыруды қамтамасыз етеді.

Мәселен, 2020 жылдың аяғындағы жай-күй бойынша кедергілер тізілімінде 12 тосқауыл, 11 алып қою және 35 шектеу тіркелді. Бұдан басқа, 2016 жылдан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта Одақтың ішкі нарығындағы бұрынғы басым бағаланған 63 тосқауылдан 51 тосқауыл және тосқауыл белгісі бар 3 кедергі жойылды.

Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, жұмыс күші мен капиталдың еркін орын ауыстыруы шектелген жағдайда мына ақпараттық портал арқылы өтінішті Комиссияға жіберуге болады: https://barriers.eaeunion.org/ .

ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібіне келсек, елдер Одақтың кәсіпкерлік ортасына ақпараттық технологияларды ендіру мәселесіне ерекше мұқият келуде. ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі шеңберінде кәсіпкерлер мен қатардағы азаматтардың цифрлық заманға ойдағыдай бейімделуіне құралдар ұсыну тірек болады. Бұл - ЕАЭО цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесі, Одақтағы техникалық реттеу, Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі, «Шекарасыз жұмыс» біріздендірілген іздеу жүйесі сияқты жобалар.

Бұл жобалар логистикалық шығындарды азайту, жаңа еңбек нарықтарына қол жеткізу және Одақ мемлекеттері аумағы бойынша өнімнің орын ауыстыруын (ал бұл тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің 180 миллионнан астам ықтимал тұтынушылары) жеңілдету арқылы кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етеді.

Қорытындысында Вячеслав Казарян Одақтың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің, соның ішінде армян кәсіпкерлерінің ЕАЭО-ның цифрлық экожүйесіне қатысуы олардың бәсекеге қабілеттілігін және өңірлік те, халықаралық та саудаға интеграциясын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.


Анықтама:

Buissup Global Forum - білім беру-пікірсайыс алаңы, оның мақсаты Армения Республикасында жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін платформа құру болып табылады. Әлемнің әртүрлі елінің 200-ден астам қатысушысына жаңа дағдыларды алудың, өз жобаларын таныстырудың, оларды іске асыру үшін әріптестер табудың бірегей мүмкіндігі ұсынылады.