Жаңалықтар

14.02.2023 (Обновлено: 15.02.2023 14:13)

ЕЭК тұтынушылар және бизнес арасында өзара құрмет пен сенім кеңістігін қалыптастырады

Сауатты тұтынушы — жауапты бизнес. Еуразиялық экономикалық одақ елдері үстіміздегі жылы осындай девизбен тұтынушылар құқықтарын қорғау жөнінде бірлескен жұмыс жүргізетін болады. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 14 ақпандағы отырысында тиісті ұсыным қабылданды.

Комиссия жүргізген зерттеулер көрсеткендей, тұтынушылық сұранысқа теріс ықпалын тигізетін және экономикалық дамуды бұзатын түйінді проблема сатушылардың жосықсыз әрекеттері, алаяқтық схемалар мен тұтынушыларды алдау болып отыр. 

Үстіміздегі жылы Одақта басымдықты болған тақырып тұтынушылар және бизнес арасында өзара құрмет пен сенім кеңістігін қалыптастыру қажеттігіне назар аударуға арналған. Бұл жұмыстың негізі Мүше мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасында қаланған. 

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ЕАЭО елдері тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халық пен бизнес үшін ауқымды ақпараттық және түсінік беру іс-шараларын жоспарлап отыр. Бұл Одақтың тұтыну нарығының қатысушылары арасында парасатты өзара қарым-қатынасты қолдаудың және дамытудың қолданыстағы механизмдерін кеңейтіп, жаңа механизмдерін ендіруге мүмкіндік береді.

Анықтама

 Одаққа мүше мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы ЕҮК-тің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 12 өкімімен қабылданды. Құжат тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Одақ халқын хабардар ету және ағарту жұмысын жыл сайын жүргізуді көздейді. Мұндай жұмыстың тақырыбы жыл сайын, 2023 жылдан бастап, Комиссияның ұсынысымен бекітіледі. 

Жылдың «Сауатты тұтынушы — жауапты бизнес» тақырыбын Одаққа мүше мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік комитет ұсынды, оның құрамына мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдары мен бизнес-қоғамдастығының өкілдері кіреді.