Басты бет
/
Жаңалықтар
/
ЕЭК пен Армения ЕАЭО елдері экономикасының өзара іс-қимылын кеңейту мәселелерін талқылады
ЕЭК пен Армения ЕАЭО елдері экономикасының өзара іс-қимылын кеңейту мәселелерін талқылады
ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Варос Симонян мен ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Руслан Бекетаев Армения Республикасының вице-премьер-министрі Мгер Григорянмен кездесуінде ЕАЭО елдері экономикасының өзара іс-қимылын кеңейту, электрондық сауданы реттеу мәселелері және қаржы саясаты саласындағы негізгі міндеттер талқыланды. Комиссия өкілдерінің Арменияға сапары шеңберінде Жоғары технологиялық өнеркәсіп министрі Ваагн Хачатурянмен де кездесуі болып өтті, онда Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытудың түйінді аспектілері талқыланды.
«Бүгінгі күні бұрын-соңды болмаған цифрландыру мен ақпараттандыру жағдайында Комиссияның рөлі ұлттық үкіметтердің іс-қимылдарын қадамдастыру және төрт «еркіндік» қағидатын іске асыруды қамтамасыз ету үшін ажырамас инфрақұрылым болып табылатын интеграцияланған ақпараттық жүйені үдемелі дамыту үшін қазіргі заманғы талаптар мен нақты жағдайларға жауап беретін жаңа тәсілдемелерді әзірлеу тұрғысынан өте маңызды»,- деп атап өтті Варос Симонян.Армения Республикасы Экономика министрлігінің алаңында Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуінің неғұрлым маңызды мәселелері сөз болды: ЕАЭО-ның ішкі нарығында кедергілерді тосқауылдарға, алып қоюлар мен шектеулерге бөлу және тосқауылдарды жойылды деп тану әдіснамасын жетілдіру жөніндегі жұмыстың өзектілігі айқындап көрсетілді.
Сапар барысында Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігі мен Қоршаған орта министрлігінің, сондай-ақ Еңбек және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдерімен де жұмыс кездесулері өткізілді, ЕАЭО ішкі нарығында алып қоюлар мен шектеулерді жою жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында (жол картасында) көзделген Одақ шеңберінде мәдени құндылықтар мен күшті әсер ететін заттардың орын ауыстыру қағидаларын үндестіру жөніндегі келешек қадамдар, сондай-ақ 2021 және 2022 жылдарға арналған алып қоюларды және шектеулерді жою жөніндегі жол картасын және «Шекарасыз жұмыс» цифрлық жобасын іске асыру жөніндегі алдағы қадамдар талқыланды.