Меморандум Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың перспективалық бағыттарын ескере отырып әзірленді және тараптар ынтымақтастығының шарттық-құқықтық базасын өзектілендіру қажеттігін көрсетеді.
Құжат бірлескен жұмыстың қолданыстағы механизмдерін жаңартуға және оларды экономикалық және технологиялық шындыққа жауап беретін өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарымен толықтыруға арналған.
Атап айтқанда, өнеркәсіпте және агроөнеркәсіптік кешенде бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруды қолдау құралдарын дамыту, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің бірлесіп өндірілген өнімінің экспортына қаржылай жәрдемдесу механизмдерін жетілдіру көзделеді. Жаңа Меморандум сондай-ақ тараптардың ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдануды кеңейту саласындағы өзара іс-қимылын дамыту үшін жағдай жасайды.
"Осы Меморандумға қол қою – ЕЭК пен ЕАДБ арасындағы әріптестікті нығайтудағы маңызды қадам. Құжат экономикалық әлеуетке ие және тиісті инвестициялық қамтамасыз етуді талап ететін интеграциялық жобаларды ілгерілету бойынша біздің бұдан арғы бірлескен жұмысымыздың берік бағдары болады", – деп түйіндеді ЕЭК Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев.
ЕЭК пен ЕАДБ арасындағы Ынтымақтастық туралы алдыңғы меморандумға 2013 жылы қол қойылды.
Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан ЕАДБ-ға қатысушы мемлекеттер болып табылады.