ЕЭК пен Ресейдің ФКҚ ЕАЭО шеңберіндегі кедендік ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Сергей Шкляев Федералдық кеден қызметінің басшысы Валерий Пикалёвпен жұмыс кездесуін өткізді.

 

Қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың, соның ішінде кедендік әкімшілендіруді цифрландыру жөніндегі бірлескен жобаларды іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады.

 

Кездесудің негізгі тақырыбы ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетін дамыту, атап айтқанда, ЕАЭО кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді іске асыру, навигациялық пломбаларды қолдану, өткізу пункттерін жайластыру мен жарақтандыруға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу, сондай-ақ электрондық сауданы реттеу мәселесі болды.