ЕЭК пен Индонезия бизнесі еркін сауда туралы келісімнің перспективаларын талқылады
17.09.2026

Индонезия Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Индонезия Республикасының Мәскеудегі Елшілігі ұйымдастырған "Индонезия – ЕАЭО" бизнес-диалогы шеңберінде ЕЭК Сауда саясаты департаментінің сауданы реттеудің арнайы мәселелері бөлімінің бастығы Кира Данильчева ЕАЭО мен Индонезия арасында Еркін сауда туралы келісім жасасуға байланысты экономикалық операторлар үшін ашылатын мүмкіндіктер туралы баяндама жасады.

"Еркін сауда туралы келісім – бұл бәрінен бұрын бизнес үшін практикалық пайда. Ол күшіне енгеннен кейін Индонезиялық экспорттаушылар үшін ЕАЭО импорттық бажының орташа ставкасы 7,6%–дан 1,5%-ға дейін, ал біздің Индонезияға экспорттаушыларымыз үшін 10,2%-дан 2%- ға дейін төмендейді. Бұл өзара сауда үшін түбегейлі жаңа мүмкіндіктер ашады. Келісім тарифтік міндеттемелерді ғана емес, сонымен қатар электрондық коммерция мен бәскелестіктен бастап цифрлық инновацияларға, көлікке және "жасыл" өсуге дейінгі реттеушілік мәселелердің кең спектрін қамтиды", – деп атап өтті Кира Данильчева.

Іскер топтардың кездесуі ЕАЭО мен Индонезияның іскер топтары арасындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді әріптестікке ықпал етуге арналған.