Жаңалықтар

03.02.2023 (Обновлено: 10.02.2023 17:17)

ЕЭК пен ТМД Атқарушы комитеті 2023-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойды

3 ақпанда Алматыда ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович пен ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев Еуразиялық экономикалық комиссия мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетінің арасындағы Өзара іс-қимылды тереңдету туралы меморандумды іске асыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Жоспар бірлескен жобаларды іске асыруды және іс-шаралар өткізуді бағамдайды. Онда өзара саудадағы қазіргі бар тосқауылдарды алып тастау, ауқымды бірлескен жобаларды іске асыру және экономиканы цифрландыру жөніндегі ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне айрықша назар аударылған. Сондай-ақ ЕАЭО құқығы мен ТМД нормативтік базасын, соның ішінде ЕАЭО-да және ТМД-да әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары арасындағы қайшылықты жою бөлігінде ұштастырудың тәсілдемелерін тұжырымдау үшін консультациялар өткізу жоспарлануда.

Бұдан басқа, құжатта екі құрылым жұмысының транспаренттілігін арттыруға және азаматтарды экономикалық интеграциялық процестердің мәні туралы көбірек хабардар етуге бағдарланған ЕАЭО мен ТМД-ның жұмыс істеу процесіне жастарды, қоғамдық бірлестіктер мен бизнес-қоғамдастықты тартуға жәрдемдесу көзделген.

Құжат Одақ пен ТМД арасында желілік жұмысқа көшуді, сондай-ақ ЕЭК пен ТМД Атқарушы комитеті арасындағы ынтымақтастықты нақтылықпен толтыруды қамтамасыз етеді.


Анықтама

ЕЭК пен ТМД Атқарушы комитеті арасындағы Өзара іс-қимылды тереңдету туралы меморандумға 2018 жылы 27 қарашада қол қойылды. Ол кедендік реттеу, тауарларды қадағалап отыру және сәйкестендіру құралдарымен таңбалау, мемлекеттік сатып алу, тұтынушылар құқықтарын қорғау, цифрлық экономика, салық саясаты және әкімшілендіру, сыртқы сауда, бәсекелестік саясаты және монополияға қарсы реттеу, сондай-ақ санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар салаларындағы ынтымақтастықты көздейді.

Меморандум ЕАЭО және ТМД органдарының өкілдеріне ЕЭК пен Достастық органдары алаңында өткізілетін сарапшылық топтардың отырысына, сондай-ақ Комиссия Алқасы жанындағы консультативік органдардың және ТМД салалық ынтымақтастық органдарының отырысына қатысу мүмкіндігін береді.