ЕЭК пен ТМД Атқарушы комитеті зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты дамытады
Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ермек Қуантыров пен ТМД Атқарушы комитеті экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры Михаил Мыскин 18 шілдеде ЕЭК штаб-пәтерінде 2021 жылғы ынтымақтастықтың нәтижелері мен ағымдағы жылғы бірлескен іс-шараларды талқылады. 

Тараптар ЕЭК пен ТМД Атқарушы комитетінің зияткерлік меншік саласындағы бірлескен күн тәртібін ілгерілету, Еуразиялық кеңістікте зияткерлік меншікті құқықтық қорғау және қорғау саласын дамытудың негізгі бағыттары туралы жұртшылық пен кәсіпкерліктің хабардар болу деңгейін арттыру, сондай-ақ осы саладағы халықаралық құқық нормаларын жетілдіру қажеттігін атап өтті. 

Кездесу қорытындысы бойынша 2022 жылдың төртінші тоқсанында екі ұйымның, ғылыми және қоғамдық топтардың, сондай-ақ ЕАЭО және ТМД бизнесі өкілдерінің қатысуымен зияткерлік меншік саласында ақпарат және тәжірибе алмасу үшін дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Біздің ұйымдарымыздың алдында бірыңғай мақсат — тұрмыс деңгейі мен елдеріміздің экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін зияткерлік меншіктің қазіргі заманғы және тиімді жүйесін дамыту мақсаты тұр», — деп атап өтті Ермек Қуантыров.